Жүйенің мақсаты таңбаланған тауарлардың өндірушіден және/немесе импорттаушыдан шығып, тауарларды жеткізудің бүкіл тізбегі бойына түпкілікті тұтынушыға дейінгі қозғалысын таңбалауды және қадағалауды қамтамасыз ету процестерін толық резервтеуді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жоба ҚР - дағы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы – «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп іске асырылуда.
Бүгінгі таңда Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі шешімдерінің резервтік кешенін әзірлеу шеңберінде мынадай модульдер іске асырылды: «Сәйкестендіру кодтарының тізілімі", "Тауарлар тізілімі", "Тауар топтары паспортының конструкторы". Қазіргі уақытта заңды тұлғаларды тіркеу функциясы, пайдаланушы және ұйым профильдері, таңбалау кодтарына тапсырыс жасау, оларды енгізу туралы есеп, таңбалау кодтарын тексеру, бақылау құжаттары әзірленді.
Саясатымен келісу Құпиялылық